Ішкі ережелер
1.Жалпы ережелер
1.1 “Республикалық Медицина Академиясы” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі -” РМА” ЖШС) студенттерінің ішкі тәртіп ережелері білім беру процесіне саналы көзқарасты тәрбиелеуге, оқу тәртібін нығайтуға, оқу уақытын тиімді пайдалануға, үлгерімді арттыруға ықпал етуі қажет.
1.2 Оқу тәртібі студенттердің өз оқу міндеттерін саналы және адал орындауына негізделеді.
1.3 Оқу тәртібі сендіру әдістерімен қамтамасыз етіледі. Тәртіп бұзушыларға тәртіптік және қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылады.
2.Студенттердің құқықтары мен міндеттері
2.1 Студент болып “РМА” ЖШС директорының бұйрығымен оқуға қабылданған тұлға саналады.
2.2 Студент “РМА” ЖШС білім беру үрдісінің негізгі субъектісі болып табылады.
2.3 Студенттердің құқықтары мен міндеттері “РМА” ЖШС Жарғысымен және осы ішкі тәртіп Ережелерімен (бұдан әрі-ереже) анықталады.
2.4 “РМА” ЖШС студенттеріне студенттік билет және үлгерім кітапшасы беріледі, олар “РМА” ЖШС бітіргеннен кейін оқу бөліміне тапсырылады.
2.5 Білім беру бағдарламаларын игерудегі, эксперименталды және басқа да “РМА” ЖШС үшін жұмыстардағы жетістіктеріне моральдық және материалдық көтермелеудің әртүрлі нысандары белгіленеді.
2.7 Студенттер құқылы:
мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, “РМА” ЖШС қызметінің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға;
бастапқы кәсіподақ ұйымының мүшелігіне кіру және сайланбалы кәсіподақ органдарына сайлану, кәсіподақ конференцияларына, съездерге делегаттар болуға;
“РМА” ЖШС оқу кабинеттерін, зертханаларын, аудиторияларын, кітапханаларын, басқа да бөлімшелерін және олардың жабдықтарын оқу мақсаттарында тегін пайдалануға;
оқу жоспары шегінде оқытудың мамандануын таңдауға;
қосымша сабақтар мен факультативтерге қатысуға;
“РМА” ЖШС-нің ғылыми-зерттеу, эксперименттік, шығармашылық қызметіне қатысуға;
“РМА” ЖШС әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға;
заңда белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелеріне сәйкес академиялық демалыс алуға;
білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау ережесі негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген тәртіппен бір оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау;
сабақтан тыс уақытта спорттық секцияларға қатысуға;
“РМА” ЖШС шығармашылық ұжымдарының жұмысына қатысуға;
клубтардың жұмысына қатысуға;
“РМА” ЖШС-нің барлық іс-шараларына қатысуға;
студенттер заңдармен белгіленген барлық басқа да құқықтарға ие.
2.8 “РМА” ЖШС студенттері міндетті:
таңдаған мамандығы бойынша кәсіби білімді, практикалық дағдыларды және іскерлікті жүйелі және терең меңгеруге;
оқу жоспары мен оқу бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;
тәртіпті болуға, “РМА” ЖШС Жарғысын, осы ережелерді сақтауға;
жалпы мәдениетті арттыруға, адамгершілік және дене бітімін жетілдіруге үнемі ұмтылуға;
“РМА” ЖШС қызметкерлерінің қадір-қасиетін құрметтеуге;
еңбекқорлықты тәрбиелеуге, “РМА” ЖШС және практика базаларында өзіне-өзі қызмет көрсетуге белсенді қатысуға, белгіленген жұмыс режимін сақтауға;
оқу сабақтарына қатысуға, сабақ басталғанға дейін 10 минут бұрын сабаққа келуге;
“РМА” ЖШС бойынша кезекшілікке қатысу және тәртіпті қолдауға;
қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға;
“РМА” ЖШС меншігін сақтау және нығайтуға;
қоғамға жат көріністерге төзбеушілік, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға, өзінің болашақ мамандығының абыройы мен беделін қолдауға;
адамдарға қайырымдылық, мейірімділік және жанашырлық танытуға, дөрекілік, жамандық, қатыгездік танытуды болдырмауға;
оқытушы аудиторияға кірген кезде оны орнынан тұрып қарсы алуға;
оқу сабақтары кезінде оқытушылардың түсініктемелері мен жолдастардың жауаптарын мұқият тыңдауға, сөйлеспеуге және бөтен істермен айналыспауға, оқытушының барлық нұсқауларын орындауға;
сұрақтар мен жауаптарда оқытушының рұқсатымен тұруға және отыруға;
аудиторияға сабақ уақытында кіруге және шығуға тек оқытушының рұқсатымен болады;
зертханаларда, клиникаларда, кабинеттерде сабақ кезінде және өндірістік практика кезінде студент оқу жетекшісі көрсеткен жабдықтарды, аспаптарды және басқа да құралдарды пайдалана отырып, олармен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға және ұқыптылықпен жұмыс істеуге міндетті;
сабақтан қалу себептеріне қарамастан студент білімдегі олқылықтарды жоюға міндетті;
сабаққа ауруы немесе басқа да дәлелді себептермен келмеген жағдайда студент үш күн мерзімде бұл туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, бөлім меңгерушісіне немесе топ жетекшісіне хабарлауға міндетті;
ауырған жағдайда студент емдеу-алдын алу ұйымынан белгіленген нысан бойынша анықтама ұсынуы тиіс;
дәлелсіз себептермен сабақтан қалған жағдайда студент қосымша сабақтарға қатысуға, ақылы білім беру қызметін көрсету туралы Ережеге сәйкес кеңес беру арқылы білімдегі олқылықтарды жоюға міндетті.
Оқу процесі кезінде іскерлік атмосфераны құру және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, эстетикалық талғамды тәрбиелеу, киім мәдениетін қалыптастыру, медициналық мамандыққа деген сүйіспеншілікті және сыйластықты қалыптастыру, студенттер арасындағы әлеуметтік, мүліктік және діни айырмашылықты жою, ҚР “Білім туралы” Заңының 47 бабының 15-1 тармағына сәйкес құрдастарының алдында психологиялық ыңғайсыздық туындауының алдын алу үшін колледжде белгіленген сыртқы көрініске бірыңғай талаптарды сақтау – медициналық ұйымның қызметкеріне сәйкес келетін киім нысаны (ақ халат, қалпақ, ауысымдық аяқ киім):
– медициналық халат (таза, жақсы үтіктелген, барлық түймелер мұқият түймеленген және тізеден жоғары емес, халат жеңінің ұзындығы шынтақтан бастап білекке дейін өзгереді) толығымен жабылатын киім;
-медициналық қалпақ;
– мезгіл бойынша ауысымды аяқ киім;
– сабақтарда шаш ұқыпты жиналуы керек (ұзын шаштарды жаюға рұқсат етілмейді);
– тырнақ алынған (тырнаққа лак пайдаланбаңыз);
-дене шынықтыру сабақтарына арналған спорттық киім (футболка, спорттық шорт, спорттық шалбар, спорттық костюм, кедалар немесе кроссовкалар) ауа райына және дене шынықтыру сабақтарын өткізу орнына сәйкес болуы тиіс.
2.9 Әр топта директордың бұйрығымен оқу жылына неғұрлым үлгеруші және тәртіпті студенттер қатарынан топ старостасы тағайындалады.
2.10 Топ старостасы сынып жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді.
2.11 Топ старостасының міндетіне топта тәртіпті сақтау, студенттер арасында оқулықтар мен оқу құралдарын уақытында алу және бөлу, топтың сынып жетекшісіне қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету кіреді.
2.12 Топ старостасы топ бойынша кезекшіні кезек тәртібімен әр күні тағайындайды. Топ бойынша кезекшіге мүліктің тәртібін, сақталуын және санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын бақылау, кабинеттер мен зертханаларда сабақтан кейін ылғалды жинау жүргізу, сабақтың басталуына қажетті қосалқы материалдар мен көрнекі құралдарды қамтамасыз ету, оларды сабақтан кейін кабинет меңгерушісіне немесе лаборантқа уақытылы тапсыру міндеті жүктеледі.
2.13 “РМА” ЖШС студенттеріне тыйым салынады:
Студенттік билетті басқа тұлғаға беруге;
“РМА”ЖШС ғимаратында, оқу корпусының ғимаратына іргелес аумақта темекі шегуге;
спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі және улы заттарды қабылдауға, сондай-ақ оларды таратуға;
оқу сабақтары кезінде сағыз қолдануға;
аудиториядан оқу журналдарын өз бетімен алып, шығаруға;
сабақ кезінде “РМА” ЖШС-нің қабаттарында және кабинеттер мен зертханаларда сыртқы киім мен бас киімде кіру;
дөрекі сөйлеуге.
3. Оқудағы жетістіктері үшін көтермелеу
3.1 Жоғары оқу үлгерімі және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін студенттерге әртүрлі моральдық және материалдық сыйақы түрлері белгіленеді:
алғыс жариялау;
құрмет грамотасымен марапаттау;
бағалы сыйлықпен марапаттау.
4.Оқу және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазалар
4.1 Оқу және еңбек тәртібін, “РМА” ЖШС Жарғысын, осы Ережені бұзғаны үшін студенттерге келесідей тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту (ауызша түрде оқытушы, топ жетекшісі, әкімшілік жасайды);
ескерту (жазбаша түрде жарияланады);
сөгіс;
колледж жарғысын өрескел бұзған жағдайда оқу орнынан шығару туралы ескертумен қатаң сөгіс беру.
