Сапа саласындағы саясат
Пайымдауы:
Колледж – дүниежүзілік және қазақстандық кәсіби медициналық білім беру жүйесінде көшбасшы ретінде танылған, барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған корпоративтік менеджменттің тиімді жүйесіне ие инновациялық білім беру мекемесі.
Миссиясы:
Табысты кәсіби қызметке қабілетті, рухани және азамматтық қасиеттерге ие, денсаулық сақтау мекемесінің талаптарына сай, қазақстандық және дүниежүзілік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, біліктілігі жоғары деңгейдегі медицина мамандарын дайындау.
Құндылықтар:
- Кәсібилік – мамандықты терең меңгеру, міндеттерге жауапкершілікпен және адалдықпен қарау, қойылған міндеттерді сапалы және кәсіби деңгейде орындау.
- Өзара сыйластық – бұл өзгелерге сыйластық білдіру, ашық түрде және игілікпен мәселелерді талқылау, қойылған міндеттерді бірігіп шешу.
- Тұрақты даму және оқыту – бұл үздіксіз алға ұмтылу, біздің қызметкерлердің таланттары мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, жастарды қолдау.
- Серіктестік – тұлға, қоғам және мемлекеттің ашық және тиімді түрде өзара қарым-қатынасы.
- Инновациялар – ең тиімді шешімдерді өңдеу, енгізу және іздеу.
Көзделген миссияға жету мақсатында «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС келесідей стратегиялық бағыттарды анықтады:
- Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктерінің негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
- Оқытудың жаңа, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және тиімді қолдану.
- Тұлғаның шығармашылық, рухани және денсаулық мүмкіндіктерін дамыту, азаматтық пен патриоттыққа тәрбиелеу.
- Материалды-техникалық және ақпараттық ресурстарды үнемі жақсарту.
- Жұмыс берушілер және өзге де әлеуметтік серіктестермен белсенді қарым-қатынас жасау.
Қазақстандық оқытуды жаңарту тұжырымдамаларының Ережесін негізге ала отырып, «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС жоғары басшылығы осы сапа саласындағы Саясатты жүзеге асыруға өзіне міндет және жауапкершілік алады.
Біздің ұранымыз: «Кәсібилік – сапа негізі!»
