2018 жылдың 5 қарашасынан 10 қарашасына дейін «Республикалық медицина академиясы» ЖШС базасында тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары үшін «Қазіргі жағдайда білім беру үдерісін басқару» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Осы семинардың мақсаты заманауи жағдайларда білім беру менеджментінің тиімді жүйесі үшін қажетті орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Семинар барысында қатысушылар талқылауға белсене қатысты, сұрақтар қойды, өз пікірін білдірді, жұмыс тәжірибесін бөлісті. Қатысушылар осы семинардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын бірауыздан атап өтті.