ЖЖБИ, АҚТҚ / ЖҚТБ-ның алдын алу

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ), АҚТҚ / ЖҚТБ туралы хабардарлықты арттыру. 2018 жылдың 7 желтоқсанында «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС-де Астана қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы О.Бондарчук бірінші курс студенттеріне ЖЖБИ мен АҚТҚ / ЖҚТБ алдын-алу бойынша семинар өткізді. Бұл тақырып студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырды, қатысушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, қызықты жауап берді. Іс-шара барысында студенттер ЖЖБЖ белгілерімен танысты және инфекция жолдары туралы хабардар болды. Семинар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғау тәсілдерін қолдануға ынталандырды. Студенттер жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың зардаптары туралы білді: АҚТҚ жұқтыру қаупі жоғары; ерлер мен әйелдердің бедеулігі; ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің созылмалы қабыну аурулары; ерлердің импотенциясы және т.б.