Мемлекеттік қызметтер

“Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы № 397 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 16808 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. “Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы № 397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15740 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қазанда нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген “Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарында жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

      “КЕЛІСІЛДІ”

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________ Д. Абаев

      2018 жылғы 5 сәуір

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 2 сәуірдегі
№ 125 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 397 бұйрығымен бекітілді

 “Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәулік бұрын жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5) Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау туралы хабарлама еркін нысан бойынша немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, “электрондық кезек” тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімді өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:

       1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия төрағасының атына осы стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш;

       2) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс.

      Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

       Осы стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде кепілдік шартын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану, сондай-ақ өтініштерге арналған портал арқылы:

       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары басшысының не оны алмастыратын адамның атына.

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

       Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма – қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекен жайы және қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтік телефондар:

      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы “жеке кабинеті”, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігіне ие.
 
“Техникалық, кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа құжаттарды
қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының өтініші

      (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Конкурстың ұйымдастырушысына

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және конкурсты өткізу шарттарымен танысып,

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға сәйкес

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (мамандықтардың коды, атауы)

      мамандықтары бойынша Конкурс ұйымдастырушысы өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйым басшысы __________________________ (қолы, Т.А.Ә. бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні

      М.О.

“Техникалық, кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа құжаттарды
қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан

 20__ – 20__ оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар

      __________________________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының атауы)

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша

Код

Мамандық атауы

Біліктілік

Орын саны

оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

9-сынып базасында

11-сынып базасында

1

2

3

4

5

6

7

      Ұйым басшысы ___________________________ (қолы, Т.А.Ә. бар болған жағдайда) Толтырылған күні М.О.

“Техникалық, кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа құжаттарды
қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа алып, “Азаматтарға арналған Үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №_____ бөлімі

      _______________________________________________________________

      (мекенжайды көрсету)

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________________________________;

      2)_____________________________________________________________;

      3) ____________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________Т.А.Ә. (бар болғанда)

      (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) __________________ (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ______________________

      Телефоны ________________________________________________

      Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы “___” _____________

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11220 тіркелді.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Мадеев С.М.) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

       “КЕЛІСІЛДІ”  

       Қазақстан Республикасы  

       Инвестициялар және даму министрі  

       _____________________ Ә Исекешев  

      “___”___________2015 жыл

       “КЕЛІСІЛДІ”  

       Қазақстан Республикасы  

       Экономика министрі  

       _____________________ Е. Досаев  

      “___”___________2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
1-қосымша

 “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

  1. “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

      күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

      сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

       3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

      3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

       4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

      5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

      6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      3) босқын – босқын куәлігі;

      4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

      5) оралман – оралман куәлігі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

      1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

      2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

       2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-2 Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 2-тарау 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:

       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:

      1) 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8

      телефон: +7 (7172)742-425

      e-mail: pressa@edu.gov.kz.

       2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

“Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

 Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың
алынғаны туралы қолхат

      Оқу орны ____________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

      Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат

      _____________________________ мынадай құжаттар алынды:

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)

  1. Өтініш
  2. __________________________________________________________________

      _______________________________________________

      _______________________________________________

      Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)

      20__ ж. “__” _____________

“Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

 Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

№

Өңірдің атауы

Телефон

Заңды мекен-жайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

www. almaty-reg.kz

5.

 Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы,

Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы,

Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Костанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд./47-ғимарат

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

www. akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

8(7252)563247

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556851

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
2-қосымша

 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру

       Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жалпы ережелер
  2. “Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  2. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

       1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

      2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

      3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

      4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

      7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

      Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

       2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13487 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-2. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

       мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

       осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  3. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;

      e-mail: pressa@edu.gov.kz;

       2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

“Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарындағы білім
алушыларға жатақхана беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама

      _____________________________________________________________________

      (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)

      Азамат (-ша) ________________________________________________________

      /тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      № ___жатақханаға орналасуға жіберемін.

      Жатақхананың мекенжайы ______________________________________________

      20___ ж. “____” _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.

      Директор __________

      (қолы)

      20___ ж. “____” _________

      М.О.

“Техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарындағы білім
алушыларға жатақхана беру”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

      ______________________________ директоры

      _________________________________________

      (оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)

      _______________________ мамандығы бойынша

      _________________________________ тобының

      студенті ________________________________

                  Т.А.Ә. (бар болса)        

 Өтініш

      Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.

      Келу орны____________________________________________________________

      20 ж. ” ” _______                                       /қолы/

“Техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарындағы
білім алушыларға жатақхана
беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

№

Өңірдің атауы

Телефон

Мекен-жайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы, Әбылқайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

www. almaty-reg.kz

5.

 Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд. 47-ғимарат

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

 www.
akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

8(7252)563247

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556851

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
“Техникалық және кәсіптік білім
жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік
қызмет стандарттарын
бекіту туралы”
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
3-қосымша

 “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 63 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жалпы ережелер
  2. “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы” (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

       1) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 күнтізбелік күн;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

       3) көрсетілген қызметті берушіде көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.

      Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз “электрондық кезек күту” тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы броньдауға болады.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болған жағдайда) өзгеруі, құжаттардың қабылданғанын растау жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалған өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

       Құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ, мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орны басшысының атына өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері (тегінің, атының, әкесі атының (бар болған жағдайда) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

      Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны таратылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының орналасқан жеріндегі мұрағатқа жүгінеді.

       Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері “Электрондық үкімет” шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация беретін нысан бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

       2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

       Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша “Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы” және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жазбаша түрде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының немесе оны алмастыратын адамның атына;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде, Мемлекеттік корпорацияда тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы қосымша ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы жауап) қол жетімді болады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде “Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы” арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  3. Организм функцияларының тіршілік әрекетін шектейтін денсаулығы тұрақты бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар қажет болған жағдайда бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 нөмірлеріне жүгінгенде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжат қабылдауды олардың тұрғылықты жерінде жүргізіледі.
  4. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2018 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

“Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      ________________________________________

      ________________________________________

      /оқу орны басшысының Т.А.Ә.(егер бар

      болса) толық/

      ________________________________________

      ________________________________________

      /көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.

      (егер бар болса) толық/

      ________________________________________

      /оқу орнының атауы, бітірген жылы/

      ________________________________________

      ______________________ мамандығы бойынша

      (мамандық атауы)

      өзгерген жағдайда оқу орнының атауы және

      мекенжайы

 Өтініш

      Маған _______________________________________________________________

      /себебін

      көрсету/_____________________________________________________________

      ___________________________________________ байланысты дипломның

      телнұсқасын беруіңізді сұраймын

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      “___” ______________ 20 ж.                          _________________

      /қолы/
“Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымшаысан

 Құжаттардың
қабылданғаны туралы қолхат № ___________

      “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы”

      коммерциялық емес акционерлік қоғамы” филиалының № __________ бөлімі/

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Одан _______________________________________ мынадай құжаттар алынды:

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  1. Өтініш
  2. Басқа ______________________________________________________

      ______________________________________________________

      ______________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/

      білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.

      (бар болған жағдайда)                                _________ (қолы)

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. “___” ______________

“Техникалық және кәсіптік білім
туралы құжаттардың телнұсқаларын
беру” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

       Көрсетілетін қызметті алушының        

       тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі — Т.А.Ә.

       (бар болған жағдайда) немесе көрсетілетін  

       қызметті алушы ұйымының атауы        

      ___________________________________________

       (көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы) 

 Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы” филиалының № бөлімі (мекенжайы көрсетілетін)/ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің “Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес _________ толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3)….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/

      білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.

      (бар болған жағдайда)                                _________ (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә.

      Телефоны __________

      Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. “___” ______________

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12449 болып тіркелді.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

  1. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

       “КЕЛІСІЛДІ”  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық экономика министрі  

       ________________ Е. Досаев  

      2015 жылғы 20 қараша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 632 бұйрығына
1-қосымша

 “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша – 3 (үш) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7(жеті) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау туралы еркін түрдегі қолхат, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау “электрондық кезек” тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, “электронды үкімет” порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

       1)Көрсетілетін қызметті 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

      3) білімі туралы диплом көшірмесі;

      4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

      5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

      6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

       7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген “Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).

      Мемлекеттік корпорацияға:

       1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;

      2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

       Осы көрсетілген стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде кепілдік шартын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің дұрыс еместігі белгіленген;

      2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін материалдар, деректер және мәліметтер қажетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттардың топтамасын және (немесе) қолданыстағы мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін түрдегі нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас таратады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін жазбаша түрде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел, 8, Министрлік басшысының атына жолданады.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.

  1. Қызмет беруші электрондық цифрлы қолы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен деңгейі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ЭЦҚ болған жағдайда порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz орналасқан.
 
“Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен
оларға теңестірілген
тұлғалардың біліктілік
санаттарын беру (растау) үшін
аттестаттаудан өткізуге
құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

нысан

      __________________________________________________________________________

      (санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)

      __________________________________________________________________________

       (педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, жұмыс орны)

 Өтініш

      Мені 20__ жылы _______________ лауазымы бойынша біліктілік санатына

      __________________________ аттестаттауды сұраймын.

      Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

 Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын: Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 Жұмыс өтілі:

Жалпы

 Мамандық бойынша

Педагогикалық

 Осы білім беру ұйымында

      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете

      отырып _________________________________________________________________________

      Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым

      20____ жылғы “____” _________________ _______________________

      (Қолы)

“Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен
оларға теңестірілген
тұлғалардың біліктілік
санаттарын беру (растау) үшін
аттестаттаудан өткізуге
құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

нысан

(Тегі, аты,әкесінің аты
(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.ӘА.),
немесе қызмет алушының ұйымының атауы)
_______________________
_______________________

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы Қолхат

       “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ (мекен жайын көрсете отырып) ______________________ тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттардың толық болмауына байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау”,

      оның ішінде:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _________________________________;

      2) _________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат 2 данада жазылады, әр тарапқа бір данадан.

      (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері) ________________ (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы “___” _________

       20-баптың 2-тармағы басшылыққа алынды

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 632 бұйрығына
2-қосымша

 “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорация орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің – 3 (үш) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7(жеті) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін, көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау туралы еркін түрдегі нысандағы құжаттарды қабылдау туралы қолхат болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау “электрондық кезек” тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, “электронды үкімет” порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті берушіге:

       1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;

      2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

      3) білімі туралы диплом көшірмесі;

      4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

      5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

      6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

       7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген “Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).

      Мемлекеттік корпорацияға:

       1) осы Стандартқа қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;

      2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

      3) білімі туралы диплом көшірмесі;

      4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

      5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

      6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

       7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген “Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

       Осы көрсетілген стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде кепілдік шартын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің дұрыс еместігі белгіленген;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін материалдардың, деректердің және мәліметтердің қажетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданыстағы мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін жазбаша түрде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел, 8, Министрлік басшысының атына жолданады.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.

  1. Қызмет беруші электрондық цифрлы қолы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен деңгейі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ЭЦҚ болған жағдайда порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz орналасқан.
 
“Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
республикалық ведомстволық
бағынысты білім беру
ұйымдарының педагог
қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың
біліктілік санаттарын беру
(растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосысша

нысан

      __________________________________________________________________________

      (санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, жұмыс орны)

 Өтініш

      Мені 20__ жылы _______________ лауазымы бойынша біліктілік санатына

      ________________________ аттестаттауды сұраймын.

      Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

 Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын: Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 Жұмыс өтілі:

Жалпы

 Мамандық бойынша

Педагогикалық

 Осы білім беру ұйымында

      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете

      отырып _________________________________________________________________________

      Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым

      20____ жылғы “____” _________________ ____________________

      (Қолы)

“Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
республикалық ведомстволық
бағынысты білім беру
ұйымдарының педагог
қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың
біліктілік санаттарын беру
(растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

нысан

(Тегі, аты,әкесінің аты
(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.ӘА.),
немесе қызмет алушының ұйымының атауы)
_______________________
_______________________

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы Қолхат

       “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ (мекен жайын көрсете отырып) ______________________ тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттардың толық болмауына байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау”,

      оның ішінде:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _________________________________;

      2) _________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат 2 данада жазылады, әр тарапқа бір данадан.

      (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері) ____________ (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы “___” _________

       20-баптың 2-тармағы басшылыққа алынды

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 желтоқсанда № 12417 болып тіркелді.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

  1. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Каленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы

Т. Балықбаев

       “КЕЛІСІЛДІ”  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық экономика министрі  

       ___________ Е. Досаев  

      12 қараша 2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 6 қарашадағы
№ 627 бұйрығына 1-қосымша

 “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

  1. “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      ауысу үшін:

       көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – бір ай ішінде, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей.

      Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа мекен жайға көшкен жағдайда растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;

      қайта қабылдау үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап екі апта ішінде;

       оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда;

      оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде, төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына ауысу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
  3. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу нысанынан басқа оқу нысанына, бір тілдік бөлімнен басқа тілдік бөлімге, ақылы негізде оқудан білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында басқа білім беру ұйымына ауыстыру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ауыстыру туралы өтініш (еркін нысандағы);

       2) ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда қайта қабылдау үшін мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында қажетті құжаттар тізбесі:

      1) қайта қабылдау туралы өтініш (еркін нысандағы);

       2) “Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама.

      Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы үшін төлемақы бойынша берешегін өтегені туралы құжат.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
    қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
    шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

       Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері
    ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 07 қарашадағы
№ 627 бұйрығына
2-қосымша

 “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.05.2018 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы” (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жерінде болмаса – 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін кемінде бір тәулік бұрын жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
  3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  4. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

       Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша “электронды” кезек тәртібінде, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті броньдаға болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

       1) көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы өтініші;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі).

       Құжаттардың қабылданғандығын растау осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, сондай-ақ мөрі, кіріс нөмірі мен күні көрсетілген қолхат беру болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға:

       1) көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы өтініші;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

       Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда:

       көрсетілетін қызметті беруші еркін нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануын растауоның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияға түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта арқылы немесе көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       Шағымдар портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинетінен” мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

       1) Министрліктің www.edu.gov.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz және бірыңғай байланыс орталығының www.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
 
“Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға
анықтама беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
____________________________

Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымы басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
_____________________курстың
____________________тобының
__________мамандығы бойынша
_______________оқу нысанында
_________________оқуға түскен
___________оқудан шығарылған
көрсетілетін қызмет алушы
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда) толық
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда)
өзгерген жағдайда
____________________________
____________________________
көрсетілетін қызметті
алушының байланыс деректері

Нысан

 Өтініш

      Маған_____________________________________________________________

      себебін көрсету

      ___________________________________________________________________

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді аяқтамағаным туралы

      анықтама беруді сұраймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      “____”_______________20__ ж. _____________________ /қолы/

      Ескертпе: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес баспа әріптермен

      толтырылады

Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға
анықтама беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

(көрсетілетін қызметті
алушының
Т.А.Ә (болған жағдайда)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Нысан

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)_______________________________;

      2)_______________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      _____________________________ __________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Мемлекеттік корпорацияның

      қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Телефоны _____________

      Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының

      қолы “___” _________ 20__ ж.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

“Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15647 болып тіркелді.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

       4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы

Б. Асылова

      “КЕЛІСІЛДІ”

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 8 тамыз

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 357 бұйрығымен бекітілген

 “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру”
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2017 № 636 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

       Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тандауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз “электронды” кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады, электронды кезекті “электронды үкімет” порталы (бұдан әрі – портал) арқылы брондауға болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;

      ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;

      бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар;

      әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

       2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы.

      ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

       2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі;

      бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

       2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

       2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың тууы, ұл немесе қыз бала асырап алуы туралы куәліктерді “электронды үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтің) дұрыс еместігін анықтау;

       2) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкес болмауы.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына беріледі.

       Шағым жазбаша түрде пошта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошта мекенжайы, байланыс телефондары көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде, Мемлекеттік корпорацияда тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

       Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14, 15-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

       Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

       Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондарына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8800 080 77777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
 
“Білім беру ұйымдарында
білім алушыларға академиялық
демалыс беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

____________________________
____________________________
Білім беру ұйымы басшысының
Т.А.Ә. (бар болса)
кімнен _____________________
Т.А.Ә. (бар болса)
____________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының байланыс деректері)
____________________________
_________ мамандығы бойынша
(мамандық атауы)
____________________________

 Өтініш

      Маған ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ байланысты

      (себебін көрсету)

      академиялық демалыс беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 жылғы “_____” ___________                              ________________

      (қолы)

“Білім беру ұйымдарында
білім алушыларға академиялық
демалыс беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Нысан

(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
не ұйымның атауы)
____________________________
____________________________

 Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымы (мекенжайын көрсету) Сіздің “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты _______________________ мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _____________________;

      2) ______________________;

      3) _______________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.

      ___________________________________________________________

      Т.А.Ә. (білім беру ұйымының қызметкері) (қолы)

“Білім беру ұйымдарында
білім алушыларға академиялық
демалыс беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

нысан

(көрсетілетін қызметті
алушының
Т.А.Ә. (бар болса)
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

       Жоқ құжаттардың атауы:

      1)_______________________________;

      2)_______________________________;

      3)….

       Осы қолхат әр қайсысына бір-бірден екі данада жасалды.

       Т.А.Ә (болған жағдайда) 

      (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)                              (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Телефоны _____________

      Алдым:  Т.А.Ә. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      “___” _________ 20__ ж.                              __________________________

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін “Үздік педагог” атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11058 тіркелі.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес “Үздік педагог” атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес “Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес “Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

  1. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

       “КЕЛІСІЛДІ”  

       Қазақстан Республикасы  

       Ұлттық экономика министрі  

       ________________ Е. Досаев  

      2015 жылғы 23 сәуір

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 173 бұйрығына
1-қосымша

 “Үздік педагог” атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Үздік педагог” атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үш кезеңнен тұрады.

      I кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне құжаттарды тапсырған кезде – жыл сайын сәуірде;

      II кезең – аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері алдыңғы кезеңде таңдап алынған құжаттарды облыстық білім басқармаларына тапсырған кезде – жыл сайын мамырда;

      III кезең – облыстық білім басқармалары, Республикалық мектептер өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – жыл сайын тамыз-қыркүйекте.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – “Үздік педагог” атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы еркін нысандағы қолхат, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары растаған Конкурс қатысушысына берілген ұсыным;

      3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) педагог портфолиосы;

      6) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау есебі;

      7) электрондық тасымалдағыштағы (компакт-дискідегі) сабақтар;

      8) эссе;

      9) Конкурсқа қатысушының карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мағлұматтардың (деректердің) дұрыс еместігі белгіленген;

      2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған материалдар, деректер және мәліметтер қажетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ерікті нысан түрінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін жазбаша түрде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды. Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.edu.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны: 8-800-080-777, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414, 8800-080-7777.
 
“Үздік педагог” атағын беру
конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

нысан

 “Үздік педагог” атағын беру конкурсына қатысуға арналған Өтінім

      Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:

1.

 Жұмыс орны

2.

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) толық жазу

3.

Туған күні, айы, жылы

4.

 Лауазымы

5.

Педагогикалық өтілі

6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі

7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)

8.

Біліктілік санаты

9.

Индексі көрсетілген үйінің мекен – жайы

10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру нөмірі)

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

12.

Марапаттары, көтермелеулері

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ парақ.

      Өтінімнің толтырылған күні ________________________

      Конкурсқа қатысушының жеке қолы _________________

      Білім беру ұйымы басшысының қолы ________________

      М.О.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 173 бұйрығына
2-қосымша

 “Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша – 3 (үш) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7(жеті) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсының қорытындысы туралы еркін түрдегі нысандағы жазбаша хабарлама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау “электрондық кезек” тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, “электронды үкімет” порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті берушіге:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

       9) “Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

      Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

      Мемлекеттік корпорацияға:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

      9) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы “электронды үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде

      көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не нотариалды куәландыратын сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

       Осы стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде кепілдік шартын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;

  1. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің дұрыс еместігі белгіленген;

      2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін материалдар, деректер және мәліметтер қажетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданыстағы мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы еркін түрде нысанда қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас таратады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.

  1. Қызмет беруші электрондық цифрлы қолы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен деңгейі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ЭЦҚ болған жағдайда порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz орналасқан.
 
“Мемлекеттік орта білім беру
мекемелерінің басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

нысан

      __________________________________________________________________________

      (конкурстық комиссияның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, жұмыс орны)

      _________________________________________________________________________

      тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары

 Өтініш

      Мені 20 ___ жылы ____________________________________ бос лауазымдарына

       Білім беру ұйымының атауы

      орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Қазіргі уақытта _______________________________________ жұмыс жасаймын.

       Білім беру ұйымының атауы

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

 Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын: Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 Жұмыс өтілі:

Жалпы

 Мамандық бойынша

Педагогикалық

 Осы білім беру ұйымында

      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете

      отырып _________________________________________________________________________

      Конкурс қағидаларымен таныстым

      20____жылғы “____”_______________ __________________________

      (Қолы)

“Мемлекеттік орта білім беру
мекемелерінің басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

нысан

Тегі, аты,әкесінің аты
(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
_______________________
_______________________

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       “Мемлекеттік қызмет туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ (мекенжайын көрсете отырып) ___________________________ “Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттардың толық болмауына байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      оның ішінде:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _________________________________;

      2) _________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат 2 данада жазылады, әр тарапқа бір данадан.

      Т.А.Ә. (болған жағдайда)  (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері)______________________ (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы “___” _________

       20-баптың 2-тармағы басшылыққа алынды

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 173 бұйрығына
3-қосымша

 “Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша – 3 (үш) жұмыс күні, көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес – 7 (жеті) жұмыс күні;

       Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда қабылдау күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі өтпестен бұрын бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсының қорытындысы туралы еркін түрдегі нысандағы жазбаша хабарлама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

       Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      қабылдау “электрондық кезек” тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, “электронды үкімет” порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті берушіге:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

       9) “Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

      Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

      Мемлекеттік корпорацияға:

       1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

      9) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

      Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынуға құқылы

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы “электронды үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не нотариалды куәландыратын сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

       Осы стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде кепілдік шартын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда

      Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің дұрыс еместігі белгіленген;

      2) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін материалдар, деректер және мәліметтер қажетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданыстағы мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін түрдегі нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас таратады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін жазбаша түрде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел, 8, Министрлік басшысының атына жолданады.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz. орналастырылған.

  1. Қызмет беруші электрондық цифрлы қолы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен деңгейі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ЭЦҚ болған жағдайда порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефоны Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz орналасқан.
 
“Республикалық маңызы бар
мемлекеттік орта білім беру
мекемелерінің басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

нысан

      __________________________________________________________________________

      (конкурстық комиссияның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, жұмыс орны)

      _________________________________________________________________________

      тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары

 Өтініш

      Мені 20 ___ жылы ____________________________________ бос лауазымдарына

       Білім беру ұйымының атауы

      орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Қазіргі уақытта _______________________________________ жұмыс жасаймын.

       Білім беру ұйымының атауы

      Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

 Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын: Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 Жұмыс өтілі:

Жалпы

 Мамандық бойынша

Педагогикалық

 Осы білім беру ұйымында

      Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете

      отырып _________________________________________________________________________

      Конкурс қағидаларымен таныстым

      20____жылғы “____”_______________ __________________________

      (Қолы)

“Республикалық маңызы бар
мемлекеттік орта білім беру
мекемелерінің басшылары
лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау”
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

нысан

(Тегі, аты,әкесінің аты
(болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.),
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
_______________________
_______________________

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       “Мемлекеттік қызмет туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ (мекенжайын көрсете отырып) ____________________________ “Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау” мемлекеттік қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттардың толық болмауына байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      оның ішінде:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _________________________________;

      2) _________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат 2 данада жазылады, әр тарапқа бір данадан.

      Т.А.Ә. (болған жағдайда)  (Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері) _________________ (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Қабылдадым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы “___” _________

       20-баптың 2-тармағы басшылыққа алынды

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15744 болып тіркелді.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен (Г.І. Көбенова) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электорнды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді басылымдарға жіберуді;

       4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

       5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 396 бұйрығымен бекітілді

 “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

       Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

       Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

       1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

       2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 күнтізбелік күн;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кездегі құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету уақыты бітуіне қалғанға дейін Мемлекеттік корпорацияға бір тәулік уақыт ішінде жеткізуді қамтамасыз етеді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсестілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін тамақтануды беру туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

      2) Мемлекеттік корпорация – Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алған аралықта түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша “электрондық кезек” тәртібімен жүзеге асырылады, “электрондық” кезекті “электорнды үкімет” веп-порталы арқылы брондауға болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

       2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші;

      3) туу туралы куәліктің көшірмесі – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);

      4) қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;

      5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі-мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;

      6) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәліктері жөніндегі мәліметтерді (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

       Осы стандарттың 4-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде кепілдік шартын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;

       2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастыратын адамның атына шағым жазбаша түрде беріледі;

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның білім саласындағы жергілікті атқарушы органның, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымын оны тіркелген күнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

       Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорациясының басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма – қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша барып жүргізеді.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекен жайы:

      1) қызметті көрсетушінің интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы “жеке кабинеті”, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігіне ие.
  
“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

 Тегін тамақтануды беру туралы хабарлама

      Білім беру ұйымында ____________________________________________

      (білм беру ұйымның атауы)

      Білім алушы, ______________________ оның, 20__ – 20__ оқу жылға тегін

      (Т.А.Ә. (бар болғанда) тамақтану тізілімге қосылғаны жөнінде беріледі.

      20___ жылғы ”      ” __________ __________________________________

      (білім беру ұйымның басшысының қолы)

“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген
санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына
тегін тамақтандыруды ұсыну”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартың 2-қосымшасы
Нысан
Білім беру ұйымының басшысына

__________________________________

(білім беру ұйының атауы)

__________________________________

(Т.А.Ә. (бар болғанда)

__________________________________

(қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болғанда) тұратын мекен жайы

бойынша:_______________________

 Өтініш

      Сізден менің ұлыма (қызыма)____________________________________

      Т.А.Ә. (бар болғанда) ________________________________________________________

      (оқу орының атауы) ___ курсында, _____тобында___________ білім алушысына  тегін тамақпен қамтамасыз етуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы “___” ________ ________ ___________________

                                          (қолы)      (Т.А.Ә.     (бар болғанда)

“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа алып, “Азаматтарға арналған Үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №_____ бөлімі_______________________________________________________________

      (мекенжайды көрсету)

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты ________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________________________________;

      2)_____________________________________________________________;

      3) ____________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды. __________________________

      Т.А.Ә. (бар болғанда) (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) _______________

      (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ______________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

      20__ жылғы “___” _____________

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

“Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қазанда № 15937 болып тіркелді.

       “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 510 бұйрығымен бекітілген

 “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

       Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.2018 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15647 болып тіркелген) бекітілген “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі (бұдан әрі – бұйрық көшірмесі) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

  1. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) толық ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оларды орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 30 (отыз) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және оларды қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасын дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 (үш) сағат ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

  1. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсыруы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы, деректердің дұрыстығын тексеруі және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсыруы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттар топтамасын қарауы және оны көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсыруы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындауы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.

      4) Мемлекеттік корпорация.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден (іс-қимылдардан) тұрады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 30 (отыз) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және оны қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасын дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 (үш) сағат ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету дайындайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

       Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнен (іс-қимылдан) өтудің блок-схемасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияда және көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну мен рәсімдер жүйелілігі тәртібінің сипаты:

       1) көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) минут ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкеріне құжаттар топтамасын тапсырады;

      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті 15 (он бес) минут ішінде тіркейді;

      3) Мемлекеттік корпорация қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қағаз нысандағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұрау нысанын толтырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және жоқ құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.

       Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері “электронды үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;

      4) Мемлекеттік корпорация қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың электронды көшірме нысанында қабылданғаны туралы қолхат береді;

       5) құжаттар топтамасымен бірге қалыптасқан өтініш 1 (бір) жұмыс күні ішінде поштамен және (немесе) курьерлік қызмет арқылы тиісті білім беру ұйымына жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және оны қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасын дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 (үш) сағат ішінде құжаттар топтамасын қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      10) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

       Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күннен бастап есептеледі;

      11) пошта мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеткізеді;

      12) Мемлекеттік корпорация қызметкері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігінің, құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-әрекеттер рәсімдерінің толық сипаттамасы және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
 
“Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

 Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнен (іс-қимылдан) өтудің блок-схемасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы

“Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

 “Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру” мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК